Головкин футболшы болғысы келетінін айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин "Лос-Анджелес" америкалық футбол клубының қорғаушысы болуға дайын.
Орташа салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC және IBO бойынша әлем чемпионы Головкин футбол командасының құрметті қонағы болып, жанкүйерлеріне алған әсері туралы айтты.
Боксшы "Банк Калифорния" стадионында болғанына өте қуанышты екенін атап өтіп, клубқа қорғаушы керек болса, көмекке келуге әрқашан дайынмын деп әзілдеді.
Шаршы алаңда жеңілмеген қазақстандыққа футболшылар сыйлық тарту етіпті – GGG деген жазуы бар қара футболка және бейсболка.
Боксшының жанкүйерлері Сауль "Канело" Альвареске қарсы қарымта жекпе-жегінде жеңіс тіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или