Данияр Елеусінов "маймылсың" деген боксшының ит терісін басына қаптады

Данияр Елеусінов "маймылсың" деген боксшының ит терісін басына қаптады

Ирландиялық боксшы Рэй Мойлетт (11-0, 4 КО) қазақстандық Данияр Елеусіновке (3-0, 1 KO) тіл тигізді. 

Boxing News Twitter-де Елеусіновтің промоутері Эдди Хирннен Данияр Бостонда (АҚШ) Мойлетпен реванш өткізеді деген әңгіменің рас-өтірігін сұрады. 

 Хирн әлі жауап берген жоқ, есесіне ирландиялық пікір білдіріп үлгерді.

"Бұл [эмодзи маймылы] маған қарсы шығуға әлі дайын емес. # Борат", — деп жазды Мойлетт.

Данияр Елеусінов пен Рэй Мойлетт 2008 жылы Мексикада жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында жұдырықтасты. Ол кезде Ирландия боксшысы жеңіске жеткен болатын. 

Шынымды айтсам, жете бағаланбаған және ешкімге қызық емес мұндай адамдарға назар аударғым келмейді. Аты шықпаған, талант та, стиль де жоқ. Ол Мексикада менен ұтылған болатын, оған жеңісті сыйға тартты. Бүкіл зал шулады, жеңісті берген кезде көрермендер "баклажка" лақтырғаны есімде қалыпты. Марапаттау рәсімін ең соңында, барлық жанкүйер кеткен кезде өткізді. Тек ирландиялықтар мен біздің жанкүйерлер қалған еді. Төрешілер қатаң сынға ілікті… 

Ол өзге салмақ дәрежесінде. Менің салмағыма көтерілсе, жекпе-жекке дайынмын.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или