Азиада-2018:Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден жартылай финалда
28 тамыз күні Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан XVIII Азия ойындарында жеңіл атлетикадан әйелдер арасында 200 метрге жүгіргендердің іріктеу бәсекесі өтті.
Бұл қашықтықта 31 спортшы бақ сынады. Оларды ұйымдастырушылар 4 топқа бөліп жүгіртті. Әр топтан алғашқы үштік бірден жартылай финалға жолдама алды. Сондай-ақ уақыт көрсеткіші жоғары тағы төртеуіне мүмкіндік берілді. Жартылай финалда жалпы саны 16 атлет бақ сынайды. Сосын финалда сегізі қалады.
Қазақстаннан екі атлет қатысты. Ольга Сафронова екінші топпен бірге жүгіріп, мәреге екінші келді – 23.44 секунд. Ал Виктория Зябкина стартқа шыққанымен, жүгірген жоқ. Спортшы осының алдында 100 метрге жүгіруден финалға өте алмаған. Жартылай финалда отандасымыз жарақатпен жүігргені айтылған. Сондықтан 200 метрге жүгіруге жарыс жолына шығу, шықпауы белгісіз болған. Дегенмен, Зябкина үшінші топпен жүгіруге тәуекел еткен. Алайда фальстарт болып, жарыстан шығып қалды. Енді отандасымыз тек эстафетада қатысады.
Әзірге іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені өзбекстандық Нигина Шарипова көрсетті – 23.31. Ольга Сафронова бесінші орында тұр.
Жартылай финалда кешкі бағдарламаға жоспарланған.
27 тамыз.Жакарта. XVIII Азия ойындары. 200 метрге жүгіру (іріктеу, әйелдер).
Екінші топ:
1.Кун Линвэй (Қытай) – 23.41;
2.Ольга Сафронова (Қазақстан) – 23.44;
3.Кристина Кнотт (Филиппин) – 23.45.