RomaSport
Басқа

Галина Вишневская із кесу сайысында қола медаль еншіледі

Галина Вишневская із кесу сайысында қола медаль еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі Галина Вишневская 7,5 шақырымдық спринт бәсекесінде үздік үштікті түйіндеген еді. Сол нәтижесінен кейін іле, тағы бір жүлдеге иелік етті. Бұл жолы да қола. Із кесу жарысында бақ сынаған жерлесіміз талай үздіктерді шаң қаптырып, жүлдегерлер қатарына енді. Жарыс жолын еңсеру кезінде ол екі ретінде де тұрып ату жаттығуында нысанадан мүлт кеткен еді. Алайда жоғары жылдамдығының арқасында жерлесіміз қола жүлдені сақтап қалды. Аталмыш сында спринт бәсекесінде жүлдеден қағылған чехиялық Вероника Виткова топ жарса, Словакия елінің өкілі Паулина Фиалкова екінші орыннан көрінді.

Әйелдер арасындағы із кесу қорытындысы:

1 орын – Вероника Виткова (Чехия) 31:25.8 (0+1+0+0)

2 орын – Паулина Фиалкова (Словакия) +21.8 (2+0+1+1)

3 орын – Галина Вишневская (Қазақстан) +27.7 (0+0+1+1)

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Фото informburo.kz сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер