Каратеші Гузалия Гафурова - Азия ойындарының жеңімпазы
Қазақстандық каратэші Гузалия Гафурова Азиада ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
68 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз ақтық сында қытайлық спортшыны 2:0 есебімен жеңіп, Азиаданың алтын медаліне қол жеткізді. Бұл Қазақстан құрамасының осы кезекті құрлық біріншілігіндегі алтыншы алтыны.
26 жастағы Гафурова бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда Иран өкілінен басым түсті. Ал жартылай финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или