Каратеден команданың бас бапкері спортшылардың жетістігіне өз бағасын берді

Каратеден команданың бас бапкері спортшылардың жетістігіне өз бағасын берді

Каратеден команданың бас бапкері Жасталап Санауов<span> </span>спортшылардың Азия ойындарындағы аяқ алысына баға берді. 

Қазіргі таңда бізде буын алмасу кезеңі жүріп жатыр. Тәжірибелі спортшылардың көпшілігі спорттан алыстап кетті. Көпті көргендердің арасынан биылғы додаға 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы Дархан Асаділов қана келген. Өкінішке қарай, ол біз күткен нәтижені көрсете алмады. 

Алғашқы жарыс күнінде бізден бір ғана спортшы өнер көрсетті. Данияр Юлдашев жас спортшы, жақында ғана 19-ға толды. Десе де, жастығына қарамай жақсы өнер көрсетті. Жартылай финалда 6:6 есебімен қарсыласқа бой бермей тұрған. Бірақ бір ұпай айырмашылығымен ұтылды. Нәтижесі қола медаль. Біз оның нәтижесіне ризамыз. 

Ал бүгін төрт спортшымыз сынға түсті. Шыны керек, Дидардың ақтық сынға өткеніне аздап таң қалғанымыз да жасырын емес. Өкінішке қарай, финалда жеңіліс тапты. Ертең үш спортшымызға үміт артамыз. 

Карате Олимпиада бағдарламасына енген соң, біздің спортымыздың деңгейі одан әрі өсуде. Бүгін жапондық спортшы ойламаған жерден Шри-Ланка өкіліне жол берді. Бәсекелестік артуда. 

Олимпиадаға іріктеу кезеңі аясында еуропалық турнирлерге жиі қатысатын боламыз. Бұл  Еуропадағы карате мектебінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, - деді Санауов ҰОК баспасөз қызметіне берген сұқбатында. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или