Элина Михина: Мұндай ірі жарыста үшінші болып келу - үлкен жетістік

Элина Михина: Мұндай ірі жарыста үшінші болып келу - үлкен жетістік

Бүгін 400 метрге жүгіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Элина Михина өзінің көрсеткен нәтижесін қорытындылады.

- Бұл мен қатысып отырған екінші Азия ойындары. Мұндай ірі жарыста үшінші болып келу үлкен жетістік. Қазір шексіз бақыттымын десем, өтірік емес. Қуанышымды жасыру мүмкін емес! Бәрі жүзімнен көрініп тұрған шығар (күлді). Бүгінде жеңіл атлетика ғана емес, спорттың барлық түрі Азияда қарқынды даму үстінде. Сондықтан, кез келген қарсыласқа қиындық тудыра алатын деңгейге жетеміз. Жеңіс үшін аянып қалмаймыз, - деді Михина ҰОК баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Элина Михина жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына екінші медальді салып отыр. Кеше ядро лақтырудан Иван Иванов үздік үштікке енген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или