Азиада-2018. Қоржынымызға тағы бір алтын медаль түсті

Азиада-2018. Қоржынымызға тағы бір алтын медаль түсті

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джиу-джитсудан 62 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Нортаев алтын жүлдеге қол жеткізді. Ол 1/8 финалда қырғызстандық Әбілдабек Кекеновты 2:0 есебімен ұтқан. Артынша ол Біріккен Араб әмірлігінің спортшысынан айласын асырды - 4:0. Финалда БАӘ-нің тағы бір өкілімен кездесіп, қарсыласын тізе бүктірді.  

Айта кетейік, бұл Қазақстанның Азиададағы төртінші алтыны. Бұған дейін семсерлесуші Дмитрий Алексанин жеңіс тұғырына көтерілсе, кейін велосипедші Алексей Луценко екі рет алтын жүлде жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или