Азиада-2018. Жүзуден Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді
Жүзуден Қазақстан командасы эстафеталық сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды<span> Prosports.kz тілшісі </span>Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
400 метрге кешенді түрде жарысудан Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин мен Александр Варакин қорғаған болатын.
Біздің команда 3:35.62 уақыт көрсеткішімен үздік үштікке енді. Бірінші орынды Қытай, екінші орынды Жапония спортшылары иеленді.
Қазақстан жүзу спортынан эстафеталық сында соңғы рет Гуанджоудағы (2010) ойындарда жүлдеге іліккен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или