Мария Дмитренко - стенд атудан қола жүлдегер

Мария Дмитренко - стенд атудан қола жүлдегер

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы кезекті қола медальға қол жеткізді. Мария Дмитриенко стенд атудан үздіктер қатарынан көрінді. 

"Дубль-трап" бағдарламасы бойынша сынға түскен Дмитриенко жалпы есебі 125 ұпай жинады.

Алтын және күміс медаль тиісінше 136, 134 ұпай жинаған Қытай қыздарынының еншісінде кетті. 

Еске сала кетейік, Мария "трап" бағдарламасы бойынша іріктеу айналымында Азия ойындарының рекордын жаңартқан. Алайда, финалда жүлдесіз қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или