Головкин – Альварес рематчының төрешілері белгілі
Невада штатының атлетикалық комиссиясы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес рематчында қазылық ететін төрешілер бригадасын жариялады.
Рингтегі жекпе-жекке Гленн Фельдман, Дэйв Моретти мен Стив Вайсфельд бағасын береді. Ал рефери қызметін кіші Бенджи Эстевес атқарады. Төрешілердің бәрі де АҚШ-тан.
Айта кетерлік жайт, Моретти былтыр боксшылардың алғашқы кездесуінде қазылық еткен еді. Сол жекпе-жекте ол жеңісті Геннадий Головкинге берген болатын.
Головкин мен Альварес рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или