Виталий Кличко чемпиондық титулынан бас тартты

Виталий Кличко чемпиондық титулынан бас тартты

WBC тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы Виталий Кличко өзінің титулынан бас тартып, ендігі өмірін толығымен украиналық саясатқа арнамақ, деп хабарлайды шетел баспасөз өкілдері.

Кличко оппозициялық «Удар» партиясының көшбасшысы және ол 2015-ші жылы Украинада өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті.

Барлығы Виталий Кличко шаршы алаңда 47 кездесу өткізіп, 45 мәрте жеңіске жетсе, екі рет жеңіліс тапты.

Дүниежүзілік бокс кеңесі боксшының шешіміне түсіністікпен қарап, Кличконың кез келген уақытта спортқа орала алатындығын, сондай-ақ чемпиондық белбеудің иегері атанған кез келген боксшымен кездесе алатындығын мәлім етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или