Азиада-2018. Семсерлесуден тағы бір медаль алдық

Азиада-2018. Семсерлесуден тағы бір медаль алдық

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп, қола медаль иеленді.

Руслан Құрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов және Вадим Шарлаимовтан құралған командамыз жартылай финалда жапониялық қарсыластарына жол берді. Кездесу 36:45 есебімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. Бүгін семсерлесуден әйелдер командасы да үшінші орын алған болатын. Сонымен қатар, слалом мен байдаркада ескек есуші Александр Куликов те қола медаль иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или