Азия ойындарына қатысуға 792 жеңіл атлет өтініш берген
Жакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жеңіл атлетика бағдарламасы 25 тамызда басталады.
Қазақстан жеңіл атлеттері ертең Малайзиядан Индонезияға ұшып барады. Спортшыларымыз 10 тамыздан бері Куала-Лумпурда жаттығып жатыр.
Биыл Азия ойындарында 41 елден 792 жеңіл атлет қатысады. Оның ішінде ең көп делегация Қытай Халық Республикасынан (82 спортшы). Екінші орында Таиланд (60) болса, үштікті жарыс қожайыны Индонезия қорытындылап отыр. Одан кейінгі орындарда Жапония (58), Үндістан (52), Оңтүстік Корея (40), Бахрейн (37), Қазақстан (33) бар.
Айтпақшы, Жакарта жеңіл атлетикадан ең көп қатысушының басын қоспақшы. Бұған дейінгі рекорд Инчхонға тиесілі болатын. Ол кезде «спорт падишасының» 648 өкілі бақ сынаған.Ал Индонезиядағы жазғы Азия ойындарына қатысуға 792 спортшы өтініш берген. Олардың арасында Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен және жүлдегер атанған жеңіл атлеттер бар.
Осының алдында Инчхондағы Азия ойындарында топ жарған 29 жеңіл атлет Жакартада сол атақтарын қорғауға келген. Соның ішінде үшеуі Қазақстаннан. Төрт жыл бұрын Оңтүстік Кореяда бағы жанған Ольга Сафронова (200 м, 23.02 сек.), Маргарита Мұқашева (800 м, 1:59.02 мин.) және Ольга Рыпакованың (үш қарғып секіру, 14.32 м) бағы жанған еді.
Сондай-ақ Жакартаға келген жеңіл атлеттердің арасында 2014 жылы үздік атанғандардың қатарында әйелдерден Вэй Юнли (Қытай, 100 м, 11.48 сек; 4х100 м, 42.83 сек.), Кеми Адекойя (Бахрейн, 400 м, 51.59 сек;400 м/б, 55.77 сек.), Алия Мохаммед (БАӘ, 10 000 м, 31:51.86 мин.), Кун Линвэй (Қытай, 4х100 м, 42.83 сек.), Тинту Лукка мен Мачеттира Пувамма (Үндістан, 4х400 м, 3:28.68 мин.), Юнис Кирва (Бахрейн, марафон, 2:25.37 сағ), Светлана Радзивил (Өзбекстан, биіктікке секіру, 1.94 м), Ли Лин (Қытай, сырықпен секіру, 4.35 м), Мария-Наталья Лонда (Индонезия, ұзындыққа секіру, 6.55 м), Гун Лицзяо (Қытай, ядро серпу, 19.06 м), Сима Пуниа (Үндістан,диск лақтыру, 61.03 м) және Екатерина Воронина (Өзбекстан, жетісайыс, 5 912 ұпай) болды.
Ерлерден Инчхонда Аднан Таесс (Ирак, 800 м, 1:47.48 мин.), Эль-Хассан эль-Аббаси (Бахрейн, 10 000 м, 28:11.20 мин.), Се Вэньцзюнь (Қытай, 110 т/а, 13.36 сек.), Али Хамис (Бахрейн, 400 т/а, 49.71 сек.), Се Чженье мен Су Бинтянь (Қытай, 4х100 м, 37.99 сек.), Сета Иидзука (Жапония, 4х400 м, 3:01.88 мин.), Мутаз Баршим (Катар, биіктікке секіру, 2.35 м), Цао Шо (Қытай, үш қарғып секіру, 17.30 м), Сұлтан әл-Хебши (Сауд Аравиясы, ядро серпу, 19.99 м), Эхсан Хаддади (Иран, диск лақтыру, 65.11 м), Дильшод Назаров (Тәжікстан, балға лақтыру, 76.82 м) және Кейсуке Уширо (Жапония, онсайыс, 8 088 ұпай).