Руслан Жапаров: Жеңісімді жанкүйерлер мен ата-анама арнаймын

Руслан Жапаров: Жеңісімді жанкүйерлер мен ата-анама арнаймын

80 келіден ауыр салмақта сынға түсіп, Қазақстанға Азия ойындарының қола жүлдесін сыйлаған таеквондошы Руслан Жапаров жанкүйерлерге алғыс айтты деп Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

 - Әрине, жеңілістен соң кімнің де болса көңілі түседі. Жартылай финалдағы қарсыласыммен бұрын кездескен емеспін. Жеңіске жетем деген сенімде болғанмын. Бірақ бұл Азия ойындары және ешбір ел осал спортшыларын әкелмейді. Алтын аламын деген мақсатпен келген едім... Қола медаль да жаман емес. Осындай дүбірлі бәсекеде қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рахмет. Осы жүлдемді ата-анама арнаймын, - дейді Жапаров.

Еске сала кетейік, Азия ойындарында қазақстандық таеквондошылар үш медаль жеңіп алды. Дениз Жансель күміс, Руслан Жапаров пен Фариза Алдоңғарова қола жүлдегер атанды. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или