Жетінші медаль: Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия ойындарының қола жүлдегері
Қазақстандық Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Кросс-кантри категориясында сынға түскен спортшымыз бірнеше айналым бойы бірінші орында келе жатқан. Алайда, мәреге жақын қалғанда Казанцев сыр беріп, қытайлық спортшыларды алдына жіберіп алды.
Осылайша, біздің спортшымыз жеңімпаздан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, қола жүлдегер атанды. Күміс медаль да Қытай спортшысының еншісінде.
Бүгін жарыс жолына шыққан тағы бір қазақстандық Шарик Әділов 8-ші орында.
Кирилл Казанцев Азия ойындарының жетінші медалін ел қоржынына салды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или