Жұлдыз Ешімова финалда сүрінді
Бүгін әйелдер күресінен 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова ақтық сында жеңілді.
Финалда Жұлдыз Солтүстік Корея өкілі Пак Юнг Миге 11:0 есебімен жол берді.
Жұлдыз финалдық бәсекеге дейін Оңтүстік Корея, Таиланд және Моңғолия балуандарын тізе бүктірген болатын.
Ешімованың жүлдесі Қазақстан қоржынына түскен 6-шы медаль! Бүгін таеквондошы<span> </span>Фариза Алдоңғарова<span> </span>қола жүлде жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или