Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан жарыстың финалына шықты

Зарина Дияс АҚШ-та өтіп жатқан жарыстың финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің квалификация финалына өтті.

WTA турнирінің негізгі кезеңіне бір қадам жақындау үшін Дияс Болгариядан келген спортшыны жеңген.

Турнир америкалық Нью-Хейвен қаласында өтті. Қазақстандық теннисші үш сеттен тұратын ойында (6:1, 3:6, 6:3) әлемнің 66-шы ракеткасы Вера Лапконы ұтты. Диястың өзі Әйелдер теннис қауымдастығы рейтингісінде 63-орында тұр.

Дияс енді турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін Словения елінен келген Тамара Цидансекпен бақ сынасады. Кеше олардың кездесуі тоқтатылды, "6:3, 4:2" есебімен Цидансек алда келе жатыр, бүгін ойынды әрі қарай жалғастырмақ.

Екі күн бұрын Дияс отандасы Юлия Путинцеваны жеңді (7:5, 6:1).

Путинцева – әлемнің 50-ші ракеткасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или