Басқа

Джакартада Азия Олимпиада Кеңесінің 71-ші отырысы өтті

news-banner7
mobile-news-top

Индонезия астанасы Джакартада Азия Олимпиада Кеңесі (АОК) Атқарушы комитетінің 71-ші отырысы өтті.

Отырысты АОК президенті, Шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах ашты. Шейх Индонезиядағы Азия ойындары соңғы рет 1962 жылы өткенін атап өтіп, Джакарта мен Палембангта басталатын кезекті құрлық додасына қатысушылар санының көбейгенін қуанышпен хабарлады.

Сондай-ақ кейбір жарыс түрлерінде Оңтүстік және Солтүстік Кореяның біртұтас команда ретінде сынға түсетіні де отырысқа жиналғандарды қуантып тастады.

Индонезия Олимпиада комитетінің, сонымен қатар, Ойынды Ұйымдастыру комитетінің президенті Эрик Тохир Азиада өткізу міндетін сеніп тапсырғаны үшін Шейхқа алғысын білдірді. Тохирдің айтуынша, мұндай спорттық дода болашақта бұдан да үлкен, көлемді жарыстарды өткізуге мұрындық болмақ.

Жиын барысында Азия аймағы бойынша АОК вице-президенттерінің есебі мен АОК халықаралық комиссиясы өкілдерінің баяндамасы тыңдалды.

Атқарушы комитеттің отырысында 2019 жылы Қытайдың Ханчжоу аймағында өтетін IX жазғы Азия ойындарына дайындығы да ортаға салынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер