Әбілхан Аманқұл: Азиада секілді аламан бәйгеде намысты қолдан бермеймін
<span>Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының көк байрағын көтеріп шығатын боксшы Әбілхан Аманқұл Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, дүбірлі дода алдындағы көңіл-күйімен бөлісті. </span>
<span> - Ашылу салтанатында Қазақ елінің туын көтеріп шығу мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, мұндай бақыт екінің біріне бұйыра бермейді. Оның үстінде, бұл мен қатысып отырған алғашқы Азиада. Сондықтан, барша жанкүйерлердің сенімін ақтаймын деп ойлаймын.</span>
<span>Жалпы, Азия ойындары спортшыларды бір-біріне жақындата түседі. Бәріміз бір үйдің балаларындай болып кеттік. Ұлттық құраманың кез келген спортшысы маған бауыр сияқты. Ал отандық жанкүйерлерді көрген кезде көңіліміз жыли түседі. Мұндай ірі бәсекеде елімнің намысын қолдан бермеуге тырысамын", - дейді Әбілхан Аманқұл. </span>
<span>Еске сала кетейік, ашылу салтанаты Астана уақытымен 18:00-де басталады. </span>