Шетелдік БАҚ «Канелоның» арықтап кеткенін жазуда
Boxingnews24.com сайтының журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен екінші рет жұдырықтасқалы отырған мексикалық боксшы Сауль Альварестің сыртқы түріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды prosports.kz сайты today.kz-ге сілтеме жасап.
Журналистің сөзінше, «Канело» арықтап кеткен.
- Ол он бір ай бұрынғы түріне қарағанда қатты арық көрінеді. Қолының жылдамдығы мен төзімділігін арттырып жатыр деген сөз бе бұл, әлде тыныс алуында қиындық бар ма? «Канелоның» күші өткен жолғыға қарағанда көп бола ма? Егер Головкин бірінші жекпе-жекке қарағанда көп соққы жұмсаса, бұл «Канело» үшін жағымсыз жаңалық. Альварес салмақ тастап қиналып жүр ме? Қадағалаудан шығып кеткен әлдебір қателік жасады ма екен? Оның түрі қазір 2016 жылдағыдай, – деді Джонс.
Естеріңізге сала кетейік, «Канело» мен Головкин арасындағы рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.