Чавес: «Канело» жеңімпаз болады деп үміттенемін

Чавес: «Канело» жеңімпаз болады деп үміттенемін
Әйгілі мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасында өтетін кездесуі туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.

- Менің ойымша жекпе-жек жақын қашықтықта өтеді. Егер «Канело» жақсылап дайындалып, ақылмен жұмыс істеп, көбірек соққы жасайтын болса, ол жеңіске жетеді.

Екеуі үшінде бұл ауыр жекпе-жек болғалы тұр. Екі боксшы да бірін-бірі жақсы біледі. Мексикалық боксшы шаршы алаңнан жеңімпаз болып шығатынына үміттенемін, - деді Чавес.

Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или