Жайнамазды тепкен футбол бапкеріне қатысты жаңа дерек ашылды

Жайнамазды тепкен футбол бапкеріне қатысты жаңа дерек ашылды

Бейнежазбадағы жеткіншектердің ата-аналары бапкердің мұндай әрекетке баруына балаларды кінәлап отыр.

Көпшілік алдында ұятқа қалған ата-аналар бапкерден кешірім сұрап, ұлдарын интернаттан алып кетті. Мәлімет бойынша, мектеп оқушылары Алмат Баетовтың бөлмеге кіруін күтіп, әдейі намаз оқи бастады. Бұған ашуланған жаттықтырушы жайнамазды бір тепкен. Бірақ мұндай қылық жарысымды емес деп отыр бапкердің өзі.

"Діни сауатым өте төмен. Ашу-ызаға беріліп, теріс әрекетке барғаным рас. Сол үшін барша мұсыламан қауымынан кешірім сұраймын. Өкініштен өзегім өртеніп барады", - деді жаттықтырушы Алмат Баетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или