Қазақстандық ескек есушілер атлетикалық ауылға қоныстанып, судағы жаттығуды бастады
Академиялық есуден команда мүшелері 14 тамыз күні спорттық құрылғыларына қол жеткізіп, судағы жаттығу жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.
Ескек есушілер алғашқылардың бірі болып Азия ойындарына қатысу үшін Индонезияға аттанған еді. Академиялық есушілер Палембангтағы атлетикалық ауылға орналасты. Көп ұзамай, байдарка мен каноэде есушілер де келеді.
Академиялық есуден команда мүшесі<span> </span>Евгений Васильев<span> </span>мұнда барлық жағдайдың жасалғанын айтты. Тек ауа райында ғана аздаған қиындықтар бар.
Спортшының айтуынша, Қазақстан құрамасы толығымен келмегендіктен, команда корпусында бос орындар жетерлік.
Еске сала кетейік, Азия ойындары 18 тамыз күні басталады. Жарысты Индонезияның екі қаласы – Джакарта мен Палембанг қабылдайды.