Оскар Де Ла Хойя: GGG өз сөзіне жауап беретін болады

Оскар Де Ла Хойя: GGG өз сөзіне жауап беретін болады

«Golden Boy Promotions» компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жек жайлы тағы да пікір білдірді, деп жазады prosports.kz сайты.

Осының алдында кездесуде нокаут болатынына сенімді екенін мәлімдеген белгілі промоутер бұл жолы өз қол астында бокстасатын «Канело» Головкинді өз сөзіне жауап беруге мәжбүр етеді деп отыр.

- Мен сізге бір ауыз сөз айтайын: «Канело» Головкинді өз сөздеріне жауап беруге мәжбүр етеді. Қос боксшы да осы жолы бір-бірін аяп қалмасы сөзсіз. Бірақ, Геннадийдің боксында әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Біз және сол Головкинді көреміз. Ал Сауль әмбебап боксшы. Ол бейне Флойд Мейвезер немесе Шугар Рэй Леонард секілді, - деді Оскар.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или