Чемпиондар Лигасы: «БИІК-Қазығұрт» плей-оффқа жолдама алды
«БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, плей-оффқа жолдама алды.
Шымкенттік футболшылар алғашқы ойында Грецияның «Академия Элпидес Кардитсас» командасын 2:1 есебімен жеңген болатын.<span> </span>Қазақстандықтар сапынан қос голды <span>Гульнара Габелия мен Фазила Иквапу</span> салған.
Ал екінші ойында қазақстандық команда Латвияның РФШ командасымен кездесті. Бұл кездесуде де шеберлігі басым шымкенттік қыздардың жолы болды. Қарсыласын 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Осылайша, алғашқы екі ойында да жеңіске жеткен біздің команда өз тобында көш бастады.
<span>«БИІК-Қазығұрт» бүгін австриялық «Ландхаус» командасына қарсы ойын өткізіп, 2:0 есебімен жеңді.</span>
Шымкенттік клуб Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Өткен маусымда «Биік-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымына дейін шығып, турнир жеңімпазы атанған Францияның «Лион» командасына есе жіберген еді.