Қанат Исламның жалақысы миллион теңге болмақ

Қазақтың талантты боксшысы Қанат Ислам егер «Astana Arlans» клубына қайтып оралса, оған команданың элиталық боксшысына тиесілі жалақы тағайындалады.

«Мен оны «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубымен әріптестік орнатуға, «Astana Arlans» қатарына қайта қосылуға шақырдым. Болашақта Қанат кәсіпқойлар мен әуесқойлардың аралас APB жобасына келуі ықтимал. Сол арқылы ол Олимпиада жолдамасын алуы бек мүмкін. Егер келісімін берсе, біз онымен дереу келісімшартқа қол қоямыз. Оған бірінші дивизионның боксшысына лайық жалақы мен әлеуметтік пакеттер тағайындаймыз», - деді Артаев.

«Жалақысының қанша болатыны құпия емес. Қатарына Қанат Ислам қосылуы мүмкін бірінші дивизиондағы боксшылар шамаман миллион теңге айлық алады. Бұл сапта еңбек сіңірген спорт шеберлері немесе турнирде үш маусым бойы бокстасып жүргендер бар. Мәселен, Сергей Деревянченко немесе Руслан Мырсатаев.

Екінші дивизионда жалақы - 500 мың теңге. Ол тізімге болашағынан үлкен үміт күттіретін халықаралық дәрежедегі шеберлерді енгіздік.

Үшінші дивизионда - спорт шеберлері. Олардың жалақысы 300 мың теңге»

Оның айтуынша, қазақстандық команданың кез келген мүшесі еңбектеніп, тер төксе, нәтиже көрсетсе, жоғары деңгейдегілер қатарына қосыла алады. Ал, Қанат Ислам Президенттік клубтың ұсынысын қабыл алса, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға қатысу үшін бақ сынап көреді.

Айта кетейік, Қанат Ислам әуесқой бокстан 2012 жылы қыркүйекте кеткен болатын. Содан бері Қанат 15 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті, 13 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Соңғы кездесуде Қ.Ислам колумбиялық боксшы Эмилио Хулио Хулиоға ешбір мүмкіндік бермей, 3-раундта қарсыласын рингке сұлатып тастады. Келесіде қазақстандық боксшы шаршы алаңға 14 желтоқсанда шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или