«Астана Арландары» Куба құрамасынан ұтылды

«Астана Арландары» Куба құрамасынан ұтылды

«Astana Arlans» Дүниежүзілік бокс сериясында Кубаның «Cuba Domadores» командасынан - 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Командалық жарыстың статистикасына үңілсек, үш кездесуде тоғыз ұпай жинаған кубалық қара маржандар 15 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Ал біздің жігіттер бұған дейін шаршы алаңда 15 кездесу өткізіп, оның 11-ін таза ұтып, екінші орынға тұрақтаған.

Бокс кешін 52 келіде Мирас Жақыпов пен Херардо Сервантес жұбы бастады. Бес раундта да Мирас белсенді қозғалып, қарсыласын соққыгың астына алды. Нәтижесінде, төрешілер бір ауыздан ринг қожайынына жеңісті берді.

МИРАС ЖАҚЫПОВ, «ASTANA ARLANS» КОМАНДАСЫНЫҢ БОКСШЫСЫ:

«60 келі салмақта жерлесіміз Жандос Момынов әлемнің екі дүркін чемпионы Хорхе Ласаро Альвареске есе жіберіп қойды. Кубалықтар осылайша есепті теңестірді»

ХОРХЕ ЛАСАРО АЛЬВАРЕС, «CUBA DOMADORES» КОМАНДАСЫНЫҢ БОКСШЫСЫ

«Мен Алматыға екінші рет келіп отырмын. Дәл осы спорт сарайында қазан айында әлем чемпионы атандым. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қазақстандық боксшы осал қарсылас емес. Бес раунд бойы маған өз ойын мәнерін таңды»

69 келі салмақ дәрежесінде «Астана арландарына» жаңадан қосылған Бақытжан Қожабеков рингке шықты. Қарсыласы соңғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариснойдис Диспейн. Жерлесіміз кубалық қара маржаннан төртінші раундта техникалық нокаудпен ұтылып қалды.

АРИСНОЙДИС ДИСПЕЙН, «CUBA DOMADORES» КОМАНДАСЫНЫҢ БОКСШЫСЫ

«Шаршы алаңға есе қайтару үшін шықтым. Әлем чемпионатында ақтық сында жұдырықтасқан боксшы болады деп ойладым. Сондықтан, бұл жекпе-жекке ерекше дайындалдым. Соның арқасында жеңіске жеттім. Сіздердің боксшыларыңыздың мәнері жақсы екен. Алғашқы екі раундта өте белсенді болды»

Astana Arlans пен Куба қабыландары командаларының төртінші кездесуінде хорватиялық легионер Хрвое Сеп пен Хулио Сезар ла Круз жұдырық түйістірді. 81 келі салмақта өткен кездесу кубалықтың пайдасына 48:46, 48:46 және 49:45 есебімен аяқталды.

ХУЛИО СЕЗАР ЛА КРУЗ, «CUBA DOMADORES» КОМАНДАСЫНЫҢ БОКСШЫСЫ

«Мен командама жеңіс алып келгеніме қуаныштымын. Қазақстандық команда қазіргі таңда мықтылардың мықтысы. Сондықтан, басым түскеніміз біз үшін жақсы нәтиже. Бұл маусымда тек қана чемпиондыққа таласамыз».

Соңғы жекпе-жекте 91 келі салмақта өнер көрсететін Филип Хргович кубалық Хосе Анхель Лардуэтпен кездесіп, үшінші ранудта нокаудқа түсірді.

ФИЛИП ХРГОВИЧ, «ASTANA ARLANS» КОМАНДАСЫНЫҢ БОКСШЫСЫ

«Мен жеңдім. Алайда жалпы есеп біздің пайдамызда емес. Куба құрамасы өте мықты құраммен келді. Бізде осал қарсылас емеспіз. Бүгін менің ойымша құрамамыздың шарша алаңға шыққан боксшылар барын салды деп ойлаймын»

Жаңа жылдан кейін «Астана арландарының» құрамы біршама өзгереді. Командадағы боксшылардың біразы кетіп, олардың орнына басқа жігіттер келеді. Сондай-ақ ұлттық құрамамыздың мүшелері де қосылады. Бұл туралы «Астана арландары» мен «Куба Қабландары» кездесуінен кейін «арландардың» бас бапкері Сергей Корчинский мәлімдеді. Сондай-ақ, Корчинский хорватиялық легионеріміз Хрвое Септі Хулио ла Круздың ығына жығып берген төрешілерге де наразылығын білдірді.

СЕРГЕЙ КОРЧИНСКИЙ, «ASTANA ARLANS» КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

- Хрвое қарсыласын таза жеңді. Дегенмен төрешілер біздің боксшыны Хулио Ла Круздға жығып берді. Біздің кейбір спортшыларымыз WSB додасында бірінші рет жұдырықтасты. Сондықтан, Жандосқа да, Бақытжанға да қиын болды. Алайда, қанша ақтасақ та өз жерлерінде жұдырықтасып жатыр. Намысқа тырысу керек еді. Бойларынан ешқандай жігер байқамадым. Жандостың мәнері кәсіпқой боксқа мүлдем келмейді екен. Оған үш раундтық айқастың өзі де жетеді. Шамасы белгілі болып қалды. Ал Бақытжан негізі халықаралық ареналарда өнер көрсетіп, әбден ысылған боксшы ғой. Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрді. Бірақ неліктен мұншалықты қауқарсыз болғанын түсіне алмадым. Жігерсіздік танытып, жеңісті оп-оңай бере салғаны ұят болды. Одан мұндайды күтпеген едім, сенімімді ақтай алмады».

Жерлестеріміз, биылғы маусымда бірнші рет жеңілістің ащы дәмін татты. 2014 жылы біздің былғары қолғап шеберлері үшін сәтті жыл болғай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или