Де Ла Хойя Головкинмен жекпе-жектің нешінші раундта аяқталатынын айтты

Де Ла Хойя Головкинмен жекпе-жектің нешінші раундта аяқталатынын айтты

«Golden Boy Promotions» компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің мерзімнен бұрын аяқталатынына сенімді, деп жазады prosports.kz сайты.

- Бізді керемет жекпе-жек күтіп тұр. Мен бұл кездесуде нокаут болатынына сенімдімін. Қос боксшы да осы жолы бір-бірін аяп қалмауға білек сыбанып отыр. Сол үшін жекпе-жектік тартысты болатыны сөзсіз. Менің ойымша, кездесу оныншы раундта аяқталады, - деді Де Ла Хойя ESNews-ге берген сұбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен<span> </span><span>«Канело» арасындағы</span><span> </span>екінші кездесу 15 қыркүйекте <span>Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или