ХОК спорттық ұйымдардағы басшы әйелдердің санын арттыруға күш салуда
ХОК гендерлік теңдік мәселесі мен спорт басшылығына әйелдерді тарту туралы сұрақтарды шешу үстінде. Бұл мәселені алғаш болып ХОК-тың бұрынғы президенті Хуан Антонио Самаранч көтерген болатын. Бүгінде ХОК-тағы 107 басшының ішінде 24 әйел бар.
Олимпиадалық хартияға келесі түзетулер енгізілді (7 пукнт, 2 Ереже): «ХОК ерлер мен әйелдер теңдігін жүзеге асыру мақсатында спорттағы барлық құрылымдарда әйелдерді көбейтуді қолдап, жүзеге асырады».
Енді комиссиядағы әйелдердің үлесі былтырғыдан 30 есеге көп болмақ. Бұл ХОК-тың гендерлік теңдікті спорттың барлық деңгейінде қолдайтынының бір көрінісі. ХОК-тағы 26 комиссияның 42,7 пайызында әйелдер басшылық қызметте болмақ. Бұл бүгінгі күні тарихи рекордқа айналып отыр.
Аталған көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда әйелдердің үлесі 16,8, ал 2013 жылмен салыстырғанда 98 пайызға артқанын көрсетеді. Бұл өзгерістің енуіне Африка және Океания аймағындағы мүшелер санының артуы да себеп.