Бекдәулет Ибрагимов: Жанкүйерлердің көмегімен жеңіске жетеміз
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарының алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын Астанада өткізуде.
Келесі бейсенбі күні боксшылар Индонезиядағы Азия ойындарының ашылу салтанатына аттанады.
2016 жылғы Қазақстан чемпионы, 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Бекдәулет Ибрагимов 64 келіде ел намысын қорғайды.
«Біз Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізудеміз. Дайындық жоғары деңгейде өтуде. Қарсыластарымыз да қарымды. Атап айтар болсақ, Өзбекстан, Таиланд, Моңғолия мен өзге елдердің құрамы мықты болары сөзсіз. Азия елдерінде бокс жақсы дамыған. Құдай қаласа, елге жүлдемен ораламыз. Жанкүйердің көмегімен жеңіске жетеріміз сөзсіз», - дейді Бекдәулет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или