Әли Ахмедов 12-жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Лос-Анджелестегі бокс кешінде сәтті өнер көрсетті.
23 жастағы боксшы америкалық Хорхе Эскалантемен кездескен. Төртінші раундта Ахмедов нокаутпен жеңіске жетті, себебі оның қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.
Айта кетейік, Ахмедов осылайша 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның тоғызын нокаутпен жеңген. Боксшы Калифорнияда Геннадий Головкинмен бірге Big Bear залында жаттығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или