Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегіне қанша билет сатылғаны белгілі болды

Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегіне қанша билет сатылғаны белгілі болды

Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гоместің сөзінше Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің 15 қыркүйекте өтетін екінші жекпе-жегінің сатылымда екі мыңнан астам билеті қалған, деп хабарлайды prosports.kz сайты today.kz-ге сілтеме жасап.

Бірінші жекпе-жектің билеттері кездесуге дейін екі ай қалғанда түгел сатылып кеткен еді, ұйымдастырушылар рематчтың да барлық билеті қыркүйектің басына дейін сатылып кететініне сенімді. 

- Билет өте жақсы сатылып жатыр, екі мыңнан сәл асатын билет қана қалды. Қазір жарнама кезеңі жүріп жатыр, сондықтан осы айдың аяғы мен келесі айдың басына дейін барлық билет сатылып кетеді деп үміттенеміз. Бәсекелестеріміз көп. Футболдан әлем чемпионаты жақында ғана аяқталды, ҰФЛ да бар, бейсболдан Мэйджор Лига сияқты басқа да шаралар бар. Біз қазір 17 500 билетті саттық, – деді Гомес. 

Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі билеттен түскен кіріс есебі бойынша тарихтағы үшінші оқиға болды, онда 17 318 билет сатылып, 27 миллион доллар пайда түсті. 

Естеріңізге салайық, GGG мен «Канелоның» екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или