Головкин мен «Канело» жекпе-жектен бұрын кездесетін болды
Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) бұған дейін жекпе-жек алдында бет көріспеуге бел буғандарын, тек шаршы алаңда жолығатындарын айтқан болатын, деп жазады prosports.kz сайты.
Алайда, боксшылар алғашқы ойынан айныған көрінеді. Кеше қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер жекпе-жектен бұрын қос боксшының бетпе-бет кездесетінін мәлімдеді.
- Эрик Гомес және Golden Boy-мен ақылдаса келе біз Головкин мен «Канелоны» кездестіруге шешім қабылдадық. Қос боксшы жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізетін болады. Бұл шара тамыздың соңғы аптасында Лос-Анджелесте өтеді. Қалған мәліметтерді кейінірек хабарлаймыз, - деді Том Periscope желісіндегі тікелей трансляци барысында.
Бұдан бөлек, GGG мен «Канелоның» ашық жаттығуы тікелей эфрде көрсетілетінін де айтты.
Айта кетейік, ақпарат құралдарында аталған шараның НВО телеарнасының «Канело» - GGG 2. 24/7» деректі фильмінің көрсетілмі аясында 28 тамыз күні өтетіні жазылуда.
Айта кетейік, ақпарат құралдарында аталған шараның НВО телеарнасының «Канело» - GGG 2. 24/7» деректі фильмінің көрсетілмі аясында 28 тамыз күні өтетіні жазылуда.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или