Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

Данияр Елеусіновтің ісін жүргізіп жүрген Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі қайда өтетінін айтты. 

Тамыздың 4-нен 5-не қараған түні Елеусінов Кардиффте өткен бокс кешінде венгр боксшысы Габор Горбичті ұпай санымен жеңді. Boxing Scene порталына берген сұхбатында Хирн Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қазанда АҚШ-та өтетінін айтты. Алайда ол қай күні өтетінін нақтылаған жоқ. 

«Бұл кезекті алты раундтық жақсы жекпе-жек болды. Кездесудің бірінші жартысына қарағанда екіншісі әлдеқайда жақсы бола түсті. Алайда біз оның тарапынан ең үздік нәтиже көру үшін деңгейімізді көтере түсу қажет», - деді Хирн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или