Тынәлиев пен Еңсеханов - Президент Кубогының жеңімпаздары

Тынәлиев пен Еңсеханов - Президент Кубогының жеңімпаздары

Бұл күндері Астанадағы «Дәулет» спорт сарайында грек-рим күресінен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирі өтуде. Байрақты бәсекеде қос сайыпқыранымыз алтыннан алқа тақты.

Осы уақытқа дейін талай дүбірлі додаларда топ жарып жүрген жерлестеріміз қазақ жанкүйерлерін тағы бір қуантты. Астана кілемінде Нұрмахан Тынәлиев Украйна мемлекетінің намысын қорғап келген Шамиль Дибировты 3:0 есебімен ұтып, ҚР Президенті Кубогының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, 66 келідегі балуанымыз Айбек Еңсеханов та жеңіс тұғырына көтерілді.

Бүгін сайысқа түскен 55 келі салмақ дәрежесіндегі балуандардың алтын жүлдесі қырғыз елінің өкілі Әлібек Жолшыбековке бұйырса, 84 келідегі украйндық Жан Беленюкке тең келер ешкім болмады.

Естеріңізге сала кетейік, грек-рим күресінен «ҚР Президенті Кубогы» халықаралық турнирі осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 10 мемлекеттің балуандары қатысып, бақтарын сынауда. Жартыс жеңімпаздарының есімі ертең толық белгілі болмақ. Айтулы турнирдің жалпы жүлде қоры – 77 мың долларды құраса, бірінші орын алған командаға 5 мың АҚШ доллары табыс етіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или