Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кардифф қаласында (Уэльс) «Ice Arena Cardiff» аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы венгриялық боксшы Габор Горбичпен жұдырықтасты.

Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр бесінші раунд аяқталар тұста жарақат алды. Жарақаты жекпе-жекті жалғастыруына кедергі болған жоқ. 35 жекпе-жек өткізген Габор да дес бермеді.

Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша жерлесіміз ұпай саны бойынша жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или