Геннадий Головкин жапониялық боксшы Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жапониялық боксшы Риото Муратамен болатын жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Today.kz сайтына сілтеме жасап.
<span>«</span>Жапониядағы Муратамен болатын жекпе-жек ауқымды. Мурата – Жапониядағы ірі бокс жұлдызы, оның телерейтингі ол жақта өте үлкен, егер GGG жекпе-жекке Жапонияға баратын болса, ауқымды шара өтер еді. Біздің Муратаның промоутері мистер Хондомен және Top Rank-тағы Боб Аруммен қатынасымыз жақсы. Сондықтан бұл – жүзеге асатын жекпе-жек<span>»</span>, – деді Головкиннің промоутері Леффлер.

Қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте Сауль Альвареспен екінші рет жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или