Головкин мен Альварес түсірілім кезінде төбелесе жаздады

Головкин мен Альварес түсірілім кезінде төбелесе жаздады

Сауль "Канело" Альварес жекпе-жекке бір апта қалғанға дейін Геннадий Головкинмен бірлескен медиа-ісшаралар өткізгісі келмейтінін мәлімдеген еді, соған қарамастан боксшылар шілденің ортасында екінші жекпе-жектің промо-ролигін түсіру алаңында кездесті.

TMZ.com мәліметінше, кездесу кезінде қос боксшы да қарсыласын жек көретінін байқатқан, тіпті түсіру алаңында бір-біріне тіл тигізген.    

Түсіру процесінің кадрларынан GGG мен "Канело" қойылымдағы соққыларды іс жүзінде жасауға дайын екенін көруге болады. 

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/OPxm0Rd20uI" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>

​Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или