Қазақстандық спортшылар Азиядада қанша медаль алды

Қазақстандық спортшылар Азиядада қанша медаль алды

<span>18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қалсында 18-ші кезекті Жазғы Азия ойындары өтеді, деп жазады prosports.kz сайты.</span>

<span>Қазақстан спортшылары Жазғы Азиядаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы аралықта ел үмітін арқалаған ұландарымыз 481 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 140 алтын, 141 күміс, 200 қола жүлде бар.</span>

<span>Жеңіл атлетика федерациясының санағына сүйенсек, осы аралықта ел қоржынына ең көп алтын жүлде салған жеңіл атлеттеріміз екен. </span>1994-2014 жылдар аралығында Қазақстан жеңіл атлеттері Азия ойындарында жалпы саны 61 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 22-сі алтын, 21-і күміс,18-і қола.

Екінші орында байдарка және каноэ есушілер. Олардың еншісінде 50 медаль бар (21 алтын,16 күміс, 13 қола). Үштікті нысана көздеушілер қорытындылап тұр (18 алтын, 23 күміс, 29 қола).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или