Орта дивизиондағы турнир. Күзде ыстық болады
Орта салмақтағы дивизионда қызықты жағдайлар орын алып жатыр. Жақын уақытта әсерлі жекпе-жектер тамашалаймыз, керек десеңіз толыққанды турнир өткізуге қолайлы жағдай болып тұр, деп жазады prosports.kz.
15 қыркүйекте орта дивиозиондағы көшбасшы, атақты қазақ боксері Генадий Головкин өзінің белбеулерін қорғайды. Оның қарсыласы -мексикалық боксшы Сауль Альварес. Бұл жекпе-жекте WBC, WBA Super, IBO, The Ring белбеулері және орта салмақтағы чемпиондық атағы сарапқа салынады.

20 қазан күні британдық былғары қолғап шебері Билл Джо Сондерс өзінің атақтарын қорғап қалу үшін американдық Деметриус Андрейдамен жұдырықтасады. Басты титул ретінде WBO белбеуі тігіліп отыр.
Шамамен 10 қарашада украиндық боксшы Сергей Деревянченко қарсыласы американдық Дэниэл Джейкобспен өзара IBF титулы бойынша әлем чемпионы атағына тартысқа түседі.

Осы турнир барысында төртінші жұптың орны босап тұр. Басты үміткер ретінде WBA Regular нұсқасы бойынша әлем чемпионы жапониялық Рета Мурата болуы ықтимал. Муратаның 20-шы қазан күні жекпе-жегі белгіленген, бірақ оның қарсыласының аты белгісіз.

Жоғарыда есімдері аталған боксшылардың барлығы дерлік орта салмақтағы үздік ондықтың қатарына кіреді. Оның үстіне бірінші сегіздікте орналасқан.