Golden Boy-дың бұрынғы басшысы «Канелоның» осал тұсын айтты

Golden Boy-дың бұрынғы басшысы «Канелоның» осал тұсын айтты

Golden Boy Promotions компаниясының бұрынғы бас директоры Ричард Шефер Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жек туралы пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>«Бұл айқаста боксшылардың мүмкіндігі 50-ге 50. Кім жеңетінін, «Канелоның» уақытша шеттетілуі психологиялық тұрғыдан қалай әсер ететінін де білмеймін. Бірақ, оның бойын ыза кернеп, Головкинмен біріккен баспасөз мәслихатын өткізгісі келмейтінін білемін. Ызаланған жақсы, бірақ кейде ол бокста пайдаға асады деп айта алмаймын. Бойын ыза кернеген адам қатеікке бой алдырады. Ал Головкин тым аз қателеседі. Сондықтан жекпе-жекте кез келген жағдай болуы мүмкін. Бұл - үлкен айқас», - дейді Шефер Fino Boxing-ке берген сұхбатында. </span>

<span>Жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да болады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или