Еркін күрес балуандары 5 қола медаль жеңіп алды

Еркін күрес балуандары 5 қола медаль жеңіп алды

Түркияның Ыстамбұл қаласында еркін күрестен Яшар Догу атындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасының балуандары 5 қола медаль жеңіп алды. <br />65 келіде күрескен Дәулет Ниязбеков жартылай финалда ирандық балуаннан ұтылғанымен, қола медаль үшін болған белдесуде украиналық балуанды 10:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Дәл осы салмақта күрескен тағы бір отандасымыз Мадияр Бурхан да қола медаль жеңіп алды. Мадияр 1/8 финалда әзірбайжандық балуаннан ұтылып қалған еді. Алайда, қола медаль үшін болған белдесулерін сәтті өткізді. <br />74 келі салмақта күрескен Болат Сақаев пен Нұрлан Бекжанов та Яшар Догу турнирінің қола жүлдегерлері атанды. Болат үшінші орын үшін болған белдесуде Беларусь балуанынан айласын асырса, Нұрлан Иран балуанынан басым түсті. <br />Сондай-ақ, 79 келіде күрескен Бақтияр Ізбасаров та қола жүлдемен қайтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или