Хопкинстің келесі қарсыласы – Шуменов
<p style="text-align: justify;">
<strong>Орташа ауыр салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы американдық Бернард Хопкинс келесі жекпе-жегін жерлесіміз Бейбіт Шуменовке қарсы өткізбек. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Мансабымды аяқтағым келмейді, IBF белбеуін тақпағанымша барлық мықты боксшыларымен жұдырықтасам. Стивенсон немесе Ковалевпен шаршы алаңға шыққым келеді, бірақ қазіргі таңда бұл мүмкін емес. Сондықтан біз Шуменовпен кездесуді жөн көрдік. Ол менмен жұдырықтасқысы келді, сол себепті келесі қарсыласымыз қылып Шуменовті таңдадық», - дейді Хопкинс шетел басылымдарына.</p>
<p style="text-align: justify;">
Дегенмен, аталған кездесудің алдында қазақстандық боксшы сенбі күні Тамаш Ковачты (23-0, 14 КО) ұтуы қажет.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или