Бейбіт Шүменов бүлдіршіннің тұсауын кесті
Жуырда ғана кәсіпқой боксқа қайта оралған Бейбіт Шүменов бүгін Астанадағы балалар орталығына барды.
<span>Бұл жерде тумысынан денсаулығында ақауы бар бүлдіршіндерге қолдау көрсетіліп, әртүрлі деңгейдегі ем-дом шаралары жасалады. Кәсіпқой боксшы орталықтағы балдырғандармен және ата-аналарымен кездесіп әңгімелесті. Сұрақтарына жауап берді, табысты болудың жолын айтты. Тіпті,осы жерде аяғынан тұрып кеткен балалардың тұсауын да кесіп берді. Айта кетейік, «Балапан» деген орталық тумысынан дімкәс балаларды ерте жастан тегін емдейтін жалғыз орын. Ол жұмыс жасаған 1 жылғы жуық уақыттың ішінде 300-ге тарта бүлдіршін ем қабылдады. Осыны ескере отырып, бұндай бастамаларға барынша қолдау көрсетілу керек дейді Бейбіт Шүменов. <br /></span>
<span>- Өте қуаныштымын. Көзіміз алдында нәтижелер көрініп жатыр. Балалар жақсарып жатыр. Осындай бағдарламалар, жобаларды үкімет қолдау керек, - дейді Бейбіт Шүменов.</span>
<span><iframe width="614" height="350" src="https://www.youtube.com/embed/F6QE9ZGV34E" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe></span>