«KAZsport» Қысқы Универсиада ойындарын көрсетеді

«KAZsport» Қысқы Универсиада ойындарын көрсетеді

Желтоқсан айының 11-і мен  21-і аралығында  Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары өтеді.

Қазақстандықтар бұл байрақты бәсекені «KAZsport» телеарнасы арқылы тамашалай алады.

Дүбірлі додада қазақ елінің сайыпқырандары спортттың 8 түрі бойынша сынға түседі. Атап айтқанда, мәнерлеп сырғанау, фристайл, сноуборд, шорт-трек, тау шаңғысы, хоккей тағы да басқалары бар.

Ел қоржынына алтын медаль салады деп үміттеніп отырған спортшымыздың бірі - мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен.

Естеріңізге сала кетейік, студент-жастардың арасында өтетін дүниежүзілік жарыс желтоқсанның 11-і  мен 21-і аралығын қамтиды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или