Олимпиада чемпионы Джесси Оуэнстің алтын медалі 1,5 млн. долларға сатылды

Олимпиада чемпионы Джесси Оуэнстің алтын медалі 1,5 млн. долларға сатылды

1936 жылы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында американдық жеңіл атлетші Джесси Оуэнске бұйырған алтын 8-ші желтоқсан күні онлайн SCP бассаудасында 1,466,574 долларға сатылды.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Медальді американдық миллиардер Рон Беркл сатып алды.

1936 жылы Адольф Гитлердің қатысуымен Берлинде өткен жазғы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының сапында бағын сынаған қара нәсілді спортшы төрт алтын иеленген болатын.

Бәссаудада сатылған медаль осыған дейін биші Билла Робинсонға тиесілі болды. Оны Оуэнстің өзі оған жұмыс іздеуге көмектескені үшін алғыс ретінде сыйлаған. Қалған үш медальдің қайда екені белгіссіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или