Роберт Гарсия: Канело Головкинді төрешілер шешімімен ұтуы мүмкін

Роберт Гарсия: Канело Головкинді төрешілер шешімімен ұтуы мүмкін

Америкалық бапкер Роберт Гарсия мексикалық боксшы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинді ұтуы мүмкін екенін айтты.

- Канело бұрынғыдағыдай ірі емес, бірақ ол жылдам әрі мықты. Оның кішірек көрінетіні ештеңе білдірмейді, тіпті, мықтырақ болуы мүмкін. Жекпе-жек 12 раундқа дейін аяқталуы ықтимал. Канело төрешілер шешімімен ұтуы да мүмкін. Бірақ ол Головкинді тоқтата алады, - деді Гарсия.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или