Воскобоева жұптық сында Мәскеу турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева жұптық сында Мәскеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
<span>Г.Воскобоева ресейлік Александра Пановамен бірге Moscow River Cup турнирінің ширек финалында румыниялық Ирина Барэ мен грузиялық Оксана Калашникованы 7:5, 6:2 есебімен ұтты. </span>
<span>Кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды.</span>
<span> Воскобоева мен Панова жұбы 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.</span>
<span> Жартылай финалда Г.Воскобоева мен А.Панова осы турнирде бірінші ракетка болып тіркелген швейцариялық Ксения Нолл және Швеция елінің өкілі Юханна Ларссонмен кездеседі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или