Хайме Мунгуйя: Головкин – Канело рематчының андеркардына шыққым келеді

Хайме Мунгуйя: Головкин – Канело рематчының андеркардына шыққым келеді

Өткен аптада WBO чемпионы Хайме Мунгуйя британиялық Лиам Смитті жеңіп, титулын қорғап қалған болатын.

Жас мексикалық боксшы енді Канело мен Головкин арасындағы екінші жекпе-жектің андеркардында өнер көрсеткісі келетінін айтты.

«Тәжірибелі қарсыластармен жұдырықтасқанымды айтқанмын, қазір ондай тәжірибесіз емеспін. Көп нәрсені үйрендім, бұл келесі жекпе-жектерімде көмектесуі керек. Егер Головкин – Канело рематчының ұйымдастырушылары мүмкіндік берсе, осы шоу аясында өнер көрсеткім келеді», - деді Мунгуйя.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или